Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Бейнеу ауданында 11 жаңа автобус пайдалануға берілді

|
20.11.2025 16:59
Бейнеу ауданында 11 жаңа автобус пайдалануға берілді
Бейнеу ауданының әкімдігі

Бейнеу ауданының автопаркі 11 жаңа «Yutong» маркалы автобуспен толықты, деп хабарлайды otpannews.kz. 


Аудан әкімдігінің хабарлауынша, жаңа әрі 38 орындық заманауи қоғамдық көліктерді «Батыс Тех Инвест» ЖШС жеткізді. Нәтижесінде аудан бойынша қызмет көрсететін автобустың жалпы саны 61-ге жетті.


Жаңа автобустар жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған: бейнебақылау камераларымен, жылыту-желдету жүйесімен және ыңғайлы орындықтармен жабдықталған. Бұл жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын айтарлықтай арттырмақ.


Аудан әкімдігі жаңа автобустарды тиімді пайдалану бағытында келесі шараларды қолға алды:  

- Жаңа бағыттар ашу;  

- Қолданыстағы маршруттардың жүру аралығын қысқарту;  

- Жолаушылар ағынын зерттеу арқылы кестелерді жетілдіру.

49
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!