Маңғыстауда арнайы мобильді топтың ақпараттық кездесуі өтеді
Маңғыстауда облысы бойынша әділет, полиция, мемлекеттік қызмет істері, экономикалық тергеу департаменті мамандарынан құралған арнайы мобильді топтың ақпараттық кездесуі өтеді.
Кездесу барысында мамандар заңнама, құқықтық тәртіп, мемлекеттік қызмет және қаржы-экономикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Қатысушылар өзекті құқықтық мәселелер бойынша консультация ала алады. Соның ішінде тұрғын үйге қатысты сұрақтар, зейнетақы, жәрдемақы және өзге әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезіндегі ықтимал сыбайлас жемқорлық фактілері жөнінде де сұрақ қойып, қажетті кеңес алады.
Іс-шара Маңғыстау облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша «Адал қоғам» жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізіледі.