Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Қазақстан – туу көрсеткіші ең жоғары елдер қатарында

|
20.11.2025 14:25
Қазақстан – туу көрсеткіші ең жоғары елдер қатарында

Қазақстан туу туралы актілерді тіркеу бойынша әлемдегі ең жоғары көрсеткішке ие мемлекеттердің қатарында. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 100%-ға жуықтап, халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді. Бұл — бала құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін дәлелдейді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


ҚР Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанда балалар халықтың 34%-ын құрайды және бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді. Демографиялық оң үрдіс еліміздегі мемлекеттік саясаттың бала құқықтарын қорғауға тұрақты бағытталғанын көрсетеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы мен халықаралық ұйымдар да Қазақстанның балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты нәтижелерін жоғары бағалап отыр.


Балаларға ұзақ мерзімді қаржылық қолдау көрсету мемлекеттің басым міндеттерінің бірі. 2024 жылдан бастап «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында қордың инвестициялық табысының 50%-ы кәмелетке толмаған азаматтардың жинақ шоттарына аударылып келеді.


2025 жылы әр балаға шамамен 130 АҚШ доллары көлемінде қаражат бөлінді. Бұл қолдау 324 мыңнан астам баланы қамтыды. Екі жыл ішінде бір балаға шаққандағы орташа жинақ көлемі 233 АҚШ долларына жетті.

63
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!