Рақымшылыққа кірмейтін қылмыстар мен тұлғалар жарияланды
ашық дереккөзден
Ішкі істер министрі Ержан Саденов үкімет отырысында рақымшылыққа қатысты жаңа ережелерді түсіндірді, деп хабарлайды otpannews.kz Zakon.kz. сайтына сілтеме жасап.
Рақымшылық тек азаматтар мен мемлекетке қауіп төндірмейтін белгілі бір қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға қолданылады.
"Қауіпті қылмыс жасағандар, оның ішінде терроризм, экстремизм, жемқорлық, кәмелетке толмағандарға көрсетілген жыныстық зорлық-зомбылық, азаптау, сондай-ақ рецидивистер мен іздеуде жүрген тұлғалар рақымшылыққа кірмейді", - деді Ержан Саденов.
Сонымен қатар, министр рақымшылық аясында жеке тұлғалардың орындамаған айыппұлдарының толық немесе жартылай кешірілуі мәселесі қарастырылатынын еске салды.
"Бұл тұлғалардың категориялары, айыппұл көлемі мен оны кешіру тәртібі уәкілетті орган тарапынан заң жобасын әзірлеу кезінде егжей-тегжейлі пысықталады", – деді Саденов.
Еске салсақ, бұған дейін ІІМ мен Әділет министрлігі әкімшілік рақымшылықты өткізуге тапсырма алған болатын.
20
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев