Орталық референдум комиссиясы жаңа Конституция қабылданды деп таныды
Орталық референдум комиссиясы жаңа Конституция қабылданды деп таныды. Бұл туралы аталған комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлім етті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.
«Республикалық референдум туралы коституциялық заңнаманың нормаларына сәйкес, егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткізілген деп саналады. Республикалық референдумға шығарылған мәселе бойынша, атап айтқанда жаңа Конституцияны қабылдау бойынша шешім егер оны жақтап облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептелінеді»,- деді ол.
Осы орайда комиссия төрағасы әр өңірде осы шешімді жақтап азаматтардың басым көпшілігі дауыс бергенін айтты.
«Осылайша, Республикалық референдум туралы заңнамадағы елдің 20 өңірінің үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамының оң шешімді жақтап дауыс беруі туралы талап сақталды. Сондықта жаңа Конституция қабылданды деп танылады»,- деді Нұрлан Әбдіров.
Сондай-ақ 15 наурыз – Конституция күні болып бекітілді.
54
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев