Otpan News Logo

Өрттің алдын алу маңызды: қауіпсіздік туралы бейнеролик түсірілді

Өрттің алдын алу маңызды: қауіпсіздік туралы бейнеролик түсірілді

Өрттің алдын алу және азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы әлеуметтік бейнеролик дайындалды. Бейнероликте қарапайым қауіпсіздік талаптарын елемеу қандай ауыр салдарға әкелуі мүмкін екені көрнекі түрде көрсетілген. Эмоциялық көріністер арқылы авторлар бір ғана қателік немесе абайсыздық мүліктен айырылуға және адам өміріне қауіп төндіруге себеп болуы мүмкін екенін атап айтады, деп хабарлайды otpannews.kz ҚР ТЖМ-ге сілтеме жасап.


Сондай-ақ, бейнероликте өзіңізді және үйіңізді қорғау үшін қандай шаралар қабылдау қажет екені түсіндіріледі. Азаматтарға автономды өрт хабарлағышын орнатудың маңызы, мұржаларды уақтылы тазалау, электр сымдарының жағдайын тексеру және шамадан тыс жүктеме түсірмеу, тек жарамды электр құралдарын пайдалану, сондай-ақ пештер мен жылыту құрылғыларын дұрыс жабдықтау қажет екенін еске салған.


Әлеуметтік бейнеролик әр адамның өз үйінің қауіпсіздігіне жеке жауапкершілікпен қарауына назар аудару үшін түсірілген. 


Жыл басынан бері тұрғын үй секторында 1 068 өрт тіркелген, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6 пайызға аз. Өрт салдарынан ТЖМ күштері 204 адамды құтқарды, оның ішінде 76 бала бар.


Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды қауіпсіздік талаптарына жауапкершілікпен қарап, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

10
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!