Otpan News Logo

Өзен Жылу мекемесі референдумге барады

|
03.03.2026 16:16
Өзен Жылу мекемесі референдумге барады

Жаңаөзен қаласында коалиция мүшелері «ӨзенЖылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұжымымен кездесті.


«ӨзенЖылу» МКК заңды тұлға ретінде 2005 жылғы 16 қаңтарда құрылған. Кәсіпорынның негізгі қызметтері:


- Жылу энергиясын өндіру;

- Жылу энергиясын тасымалдау және бөлу;

- Ыстық суды өндіру, жеткізу және бөлу.


Бүгінде мекемеде 480 адам еңбек етеді.


Кездесуде партия ардагері Сақи Мыңбаев алғашқы сөз алып, Қазақстанда қолданыста болған Конституцияның қабылданғанына 30 жылға жуық уақыт өткенін атап өтті. Оның айтуынша, ел жаңару мен экономикалық өсу жолында тұр, сондықтан заман талабына сай Конституцияға өзгерістер енгізу – орынды шешім. Жаһандану дәуірінде кейбір нормалардың ескіруі немесе жеткіліксіз болуы түрлі мәселелерге әкелуі мүмкін екенін айтты. Конституция – мемлекеттің басты құжаты, оны дайындауға ғалымдар мен заңгерлер атсалысқанын жеткізіп, ел болып қолдау керектігін атап өтті.


Майлыбай Өтебаев та сөз сөйлеп, Конституцияның ел болашағы үшін маңызына тоқталды. Сонымен қатар, «ӨзенЖылу» мекемесінің қала тіршілігін қамтамасыз етудегі жауапты қызметін ерекше атап өтіп, ұжымға алғыс білдірді. Ол ұжымның қоғамдағы оң өзгерістерді және Президент саясатын қолдайтынына сенім білдірді.


Өз кезегінде коалиция мүшелері Конституцияға енгізілген өзгерістердің ішінде мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екеніне назар аударды. Сондай-ақ Отанға адалдық, ата-ананы құрметтеу, отбасы институтын нығайту, білім мен ғылымды дамытуға қатысты нормаларға тоқталды.


Кездесу соңында мекеме басшысы Берік Еңсепов коалиция мүшелеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстары үшін алғыс айтып, ауызбіршілігі жарасқан «ӨзенЖылу» ұжымы Президент саясатын қолдайтынын және 15 наурыз күні референдум учаскесіне бір кісідей барып, өз таңдауларын жасайтындарын жеткізді.

19
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!