Otpan News Logo

Жаңаөзен - Түрікменстан шекарасы жолы төрт жолақты етіп кеңейтіледі

|
03.03.2026 14:48
Жаңаөзен - Түрікменстан шекарасы жолы төрт жолақты етіп кеңейтіледі
Ашық дереккөзден

Еліміздің көлік министрі Нұрлан Сауранбаев үкімет отырысында кейбір транзиттік коридорларды кеңейту жөніндегі жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды otpannews.kz.


Белгілі коридорлардың жүктемесінің өсуін ескере отырып, олардың әрі қарай дамуы мен жаңғыртылуы жоспарланып отыр.


«Жаңаөзен - Түрікменстан мемлекеттік шекарасы учаскесінде жұмыстар жүргізілуде. Бұл учаске «Түрікменстан - Ресей» коридорының бөлігі болып табылады», – деді министр.


Сондай-ақ, жолды төрт жолақты етіп кеңейтуге арналған техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу жұмыстары басталғанын атап өтті. Бұл учаскедегі жұмыстарды 2026 жылы аяқталу жоспарланып отыр.

54
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!