Маңғыстауда жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының нормативтік жағдайы 97,5%-ды құрады
ҚР Үкіметі
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Үкімет отырысында өңірдегі автожол жобаларының жүзеге асырылуы туралы баяндады, деп хабарлайды otpannews.kz ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақ басшысы облыс аумағында пайдаланылып жатқан автомобиль жолының ұзындығы 6459,9 шақырымды құрайтынын атап өтті.
- 2025 жылы өңірде жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары саласында жалпы құны 16,2 млрд теңгені құрайтын 6 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Аталған жобалардың 2-еуі толық аяқталып, пайдалануға берілді. 1 жоба бойынша қазіргі уақытта реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты 3 жоба 2027-2028 жылдарға ауыстырылды. Жалпы сипаттағы трансферттер шеңберінде 3,2 млрд теңге көлемінде жоспарланған орташа жол жөндеу бойынша 6 жобаның 5-еуі толық аяқталды, 1 жобаның құрылысы 2027 жылы аяқталады. Өңірдің жол инфрақұрылымын жүйелі дамыту бағытында жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының нормативтік жағдайы 97,5%-ды құрады, бұл жол сапасының жақсарғанын көрсетеді, — деді Нұрдәулет Қилыбай.
8
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев