Жаңаөзендегі «Мечта» сауда үйінің қызметкерлері референдумге барады
Жаңаөзен қалалық коалиция мүшелері «Мечта» тұрмыстық техника сататын сауда үйіне барып, ұжым қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуді коалиция төрағасы Тимур Мусаев ашып, жаңа Конституцияға байланысты өтетін референдум туралы кеңінен түсінік берді.
Кезегімен сөз алған Ғалым Байжанов пен Исенбай Қалдаманов қазақ елі үшін, Қазақстанның болашағы үшін жазылған жаңа Конституцияның маңызы мен ондағы негізгі өзгерістер туралы айтып өтті.
Кездесу барысында «Мечта» сауда үйінің қызметкерлері жаңа Конституцияның халыққа тигізер пайдасы, қазақ тілінің мәртебесі және басқа да өзекті мәселелер жөнінде сұрақтар қойды. Коалиция мүшелері барлық сұрақтарға нақты жауап беріп, пікір алмасты.