Otpan News Logo

Маңғыстауда 450 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

|
03.03.2026 11:34
Маңғыстауда 450 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

Маңғыстау облыстық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» филиалы өткен жылы 450 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте филиал директоры Айбек Мұзбаев айтты, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Спикердің айтуынша, көрсетілген қызметтердің ішінде ең көп сұранысқа ие болғаны – көлік құралын тіркеу туралы куәлік беру қызметі. Бұл бағытта 130 мыңға жуық қызмет көрсетілді. Ал жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу бойынша 56 мыңнан астам қызмет ұсынылды.


-Бүгінде қызметтердің басым бөлігі электронды форматта ұсынылады. «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы азаматтар онлайн кезек брондап, автокөлік сатып алу-сату келісімдерін рәсімдеп, өтінімдерінің мәртебесін нақты уақыт режимінде қадағалай алады. Сонымен қатар ХҚКО-ға келе алмайтын тұрғындар үшін «Жеке менеджер» көшпелі қызметі қарастырылған. Қызмет көрсету процесінің ашықтығын арттыру мақсатында электронды кезек және QR-код арқылы талон алу жүйесі енгізілген. Шалғай аудандарда алдын ала брондау қызметінің іске қосылуы тұрғындарға белгіленген уақытта кезексіз қызмет алуға мүмкіндік берді. Бұдан бөлек, жүргізуші куәлігін алу кезінде медициналық анықтамалар автоматты түрде ақпараттық жүйе арқылы тексеріліп, қағаз құжат талап етілмейді, - деді Айбек Мұзбаев.
48
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!