Otpan News Logo

Маңғыстаулық студенттер референдумге қатысады

|
03.03.2026 16:19
Маңғыстаулық студенттер референдумге қатысады

Yessenov University оқытушылары мен студенттеріне жаңа Конституцияны түсіндіру мақсатында кездесу өтті. Іс-шарада жаңа Конституциядағы нормалары мен негізгі қағидаттар кеңінен талқыланды, деп хабарлайды otpannews.kz. 


Кездесуге Республикалық референдум өткізу штабының мүшесі Венера Жексембекова, «Құқық және халықаралық қатынастар» факультетінің деканы Дина Бұғыбай қатысты. Жиын барысында тек саяси-әлеуметтік мәселелер ғана емес, сонымен қатар қоғамдық өмірге тікелей қатысты маңызды мағлұматтар да айтылды. Қатысушылар ел дамуына әсер ететін өзекті бағыттар жөнінде пікір алмасты.


Сонымен қатар білім саласындағы реформалар да кеңінен талқыланып, осы бағыттағы алдағы міндеттер сараланды.


- ⁠Еліміз үшін болашақты айқындауда Қазақстан Республикасының Конституциясы ерекше маңызға ие. Жаңа өзгерістер мен толықтырулар мемлекетіміздің алдағы даму бағытын белгілейді. Осы оқу орнында білім алып жатқан кәмелеттік жасқа толған студенттер үшін де бұл – жауапты кезең. Өз болашағын айқындауға атсалысып, ел тағдырына бейжай қарамай, азаматтық белсенділік танытатын уақыт келді, - деді Дина Бұғыбай.


Кездесуде мазмұнды пікірлер де айтылды.


- ⁠Дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті және көптеген ақпарат алдым. Студент ретінде айтарым, білім саласына ерекше мән беріліп жатыр. ҚР жаңа Конституция жобасында айтылғандай еліміз өзінің стратегиялық жоспары ретінде білімді, ғылымды, инновацияны көздейді. Бұл студенттерге де мол мүмкіндік деп ойлаймын. Сондықтан да өзіммен қатарлас студенттерді алдағы референдумға қатысып, дауыс беруге шақырамын, - дейді студент Бекзат Қадырбай.

20
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!