Төтенше жағдайлар қызметінің ардагері Қажымұрат Хайрушев референдумға барады
Маңғыстаудың ТЖ саласының ардагері, зейнеткер Қажымұрат Хайрушев алдағы жалпыұлттық референдумды қолдап, азаматтарды дауыс беруге шақырды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Алдағы маңызды саяси науқан – жалпыұлттық референдумға дайындық аясында қоғам белсенділері мен Коалиция мүшелері Қажымұрат Хайрушевтің шаңырағында кездесу өткізді. Ұзақ жылдар бойы Төтенше жағдайлар саласында адал қызмет етіп, ел қауіпсіздігіне үлес қосқан қадірлі ардагер референдумға келіп, таңдау жасаудың маңыздылығын атап өтті.
«Мемлекетіміз қарыштап дамып, оң өзгеріс болсын десек, сол өзгерісті ең алдымен өзімізден бастауымыз керек. Еліміздің басқа елдермен қарым-қатынасы - берік, іргетасы - мықты. Мемлекеттің тыныштығын сақтап, одан әрі гүлденуі үшін әлі де бір жұдырықтай жұмылу біздің қолымызда әрі мойнымыздағы жауапкершілік. Сондықтан еліміз үшін маңызы жоғары референдумға барып, өз таңдауын жасау әрбір азаматтың парызы»,- деді Қажымұрат Хайрушев.
«Маңғыстауда өз саласында ерен еңбек атқарып, қажырлы қызмет еткен құрметті азаматтар көп. Бүгін солардың бірі Қажымұрат ағамыздың үйіне бейресми кездеуге келіп қалдық. Ардагер алда болатын референдумда өз таңдауымды жасаймын деп ойын ашық білдіруде. Сондай-ақ, жастарға ұлттық идеологияның маңызын да түсіндіріп өтті. Коституцияның кіріспесінде Қазақстанның мыңжылдық тарихы бар ел екені тұңғыш рет жазылды. Бұл жай айтылған әңгіме емес, бұның артында үлкен тарих пен ұлттық құндылық жатқанын көрсетеді. Жаңа заңда адамның қауіпсіздігі мен адам капиталы ерекше аталып өтті. Жылдар бойы адам қауіпсіздігін сақтау үшін Төтенше жағдайлар департаментінде қызмет еткен Қажымұрат ағамызға келіп, ойын білуіміздің негізгі себебі де осы. Оның көргенін жастарға насихаттау»,- деді Маңғыстау өңірлік Коалиция төрағасы Нұрбек Қарасаев.
11
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев