Отпантауда «Бірлік оты» жағылды
Амал мерекесі қарсаңында Отпантауда «Бірлік оты» жағылды, - деп хабарлайды otpannews.kz.
Биыл бірлік отын Қосай ата ұрпақтары Тәзіке ата ұрпақтарына табыстады. Ақын, Алаш сыйлығының иегері Сабыр Адай ұлттық-рухани іс-шараның маңызы туралы пікірін айтып, Отпантау идеясын 2004 жылы ұсынғанын жеткізді.
«Енді биыл 2025-інші жыл ғой. Ал ұлттық этномәдениет — мемлекеттің іргесі. Бұл өте керек дәстүр. Алдағы уақытта бұл мәселені заманның талабымен сәйкестендіріп отырып, дамыта түсуіміз керек. Біз қазақтың өз салт-дәстүрін бұхаралық сипатта ұйымдастыра отырып, мемлекетпен бірге қазақ халқының өзінің ауызбіршілігіне пайдалануымыз қажет. Ұран оты бір бағытқа ұмтылуды білдереді. От — қуат көзі. Ол отты жақсылыққа, өсіп-өркендеуге, болашаққа бағыттауымыз қажет. Ал оны халықпен бірлікте жасауымыз қажет», - деді Сабыр Адай.