Otpan News Logo

Ақтауда сайлаушыларға арналған 94 учаске жұмыс істейді

|
19.11.2026 14:58
Ақтауда сайлаушыларға арналған 94 учаске жұмыс істейді

OTPANNEWS.KZ. – Ақтау қаласының әкімі Мақсат Мұқаштың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Жиында сайлау науқанына дайындық барысы және 2026 жылғы бюджеттің орындалу мәселелері қаралды. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.


Қазіргі таңда Ақтау қаласында 177 384 азаматтың дауыс беру құқығы бар. Олардың дауыс беруін ұйымдастыру үшін 94 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Бұл туралы жиында Ақтау қаласы әкімі аппаратының басшысы Асқар Нұржаубай баяндады.


– Қазіргі уақытта сайлауға дайындық жұмыстары бірнеше бағыт бойынша қатар жүргізілуде. Алдағы уақытта барлық іс-шаралар белгіленген мерзімде әрі сапалы орындалып, сайлауды ұйымдастыруға қажетті жағдайлар толық қамтамасыз етіледі, – деді Асқар Нұржаубай.



Сонымен қатар жиында 2026 жылғы бюджет қаражатының игерілу барысы талқыланды. Атап айтқанда, бюджет қаражатын тиімді әрі уақытылы игеру мәселесіне басымдық берілді.


Қала әкімі Мақсат Мұқаш жауапты мекемелерге берілген тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуы қажет екенін атап өтіп, олардың орындалуы қатаң бақылауда болатынын ескертті.


– Аппараттық жиында көтерілген мәселелер хаттамаға енгізіледі. Онда белгіленген тапсырмалардың орындалуы менің және аппарат басшысының жеке бақылауында болады. Тапсырмалар орындалмаған жағдайда, әсіресе сайлау мен қаржыға қатысты өзекті мәселелер бойынша, тиісті шаралар қабылданады, – деді қала әкімі.


43
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!