Жаңа Конституция – әділетті қоғам мен жарқын болашақтың кепілі
Жаңа Конституция – еліміздің болашағы мен қоғамның тұрақты дамуы үшін маңызды қадамдардың бірі. Конституциялық өзгерістер мемлекет пен халық арасындағы байланысты нығайтып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталуы тиіс. Сондықтан Конституциядағы әрбір өзгеріс елдің ертеңі үшін үлкен жауапкершілік жүктейді деп ойлаймын.
Менің пікірімше, Жаңа Конституцияның басты мақсаты – әділетті қоғам қалыптастыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және әрбір азаматтың мүддесін қорғау болуы керек. Сонымен қатар халықтың ұсыныстары мен пікірлерінің ескерілуі маңызды. Себебі Конституция – тек мемлекеттік құжат қана емес, ол бүкіл халықтың ортақ құндылықтары мен болашаққа деген сенімін білдіретін негізгі заң.
Жалпы, Конституциялық жаңғыру еліміздің дамуына жаңа серпін береді деп сенемін. Әрбір азамат заңды құрметтеп, ел болашағына бейжай қарамай, қоғамның дамуына өз үлесін қосуы қажет. Жаңа Конституция еліміздің бірлігі мен тұрақтылығын нығайтып, жарқын болашаққа бастайтын маңызды негіз болады деп үміттенемін.
Сабыр Мұқамбаев,
Қаражанбасмұнай АҚ бастауыш партия мүшесі