Otpan News Logo

Мұнайлыда «Мен болашақ сайлаушымын» байқауы өтті

|
04.02.2026 12:33
Мұнайлыда «Мен болашақ сайлаушымын» байқауы өтті

Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылында оқушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған ерекше шығармашылық сайыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Дүниежүзілік сайлау күніне орай, 2026 жылғы 2 ақпанда Басқұдық ауылдық округіндегі №14 жалпы білім беретін мектепте «Мен болашақ сайлаушымын» тақырыбында эссе байқауы өтті. 


“Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың азаматтық позициясын қалыптастырып, сайлау жүйесінің маңызы мен демократиялық құндылықтар туралы түсінігін тереңдету. Байқау барысында жоғары сынып оқушылары ел болашағына деген өз көзқарастарын қағаз бетіне түсірді”,- деді ұйымдастырушылар. 


Қатысушылар өз шығармаларында әрбір дауыстың мемлекет тағдыры үшін маңызды екенін және саналы таңдау жасаудың жауапкершілігін тілге тиек етті. Жас авторлардың ой-толғамдарында елжандылық, қоғамдық мәселелерге бейжай қарамау және саяси мәдениеттің рөлі айқын көрініс тапты.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар оқушылардың шығармашылық қабілетін ұштап қана қоймай, оларды мектеп қабырғасынан бастап мемлекеттік істерге жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.


«Бүгінгі оқушы – ертеңгі сайлаушы. Олардың сайлау процесіне деген оң көзқарасы мен құқықтық білімі – еліміздің демократиялық дамуының кепілі»,- дейді ұстаздар қауымы.


Байқау соңында оқушылар өз ойларын еркін жеткізу бойынша үлкен тәжірибе жинақтап, болашақта еліміздің белсенді азаматы болуға дайын екендіктерін көрсетті.

276
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!