Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Мессенджерлердегі аноним арыздан кейін Сағындық Аяғанов тексеру жүргізуді өзі сұрады

Мессенджерлердегі аноним арыздан кейін Сағындық Аяғанов тексеру жүргізуді өзі сұрады

Маңғыстау облысы полиция департаментінің басшылығын миллиардтаған теңгені жымқыру, жалған актілерге қол қойдыру, тендерлерді заңсыз үлестіру және қылмыстық топтармен байланыс орнату сияқты ауыр айыптармен кінәлаған анонимді ұжымдық хат мессенджерлерде көп тарады, деп хабарлайды otpannews.kz.


Арыз иелері қысым мен қауіптен қорқатындарын айтып, тәуелсіз тексеріс жүргізуді және өздеріне қорғау шараларын қамтамасыз етуді талап еткен.


Осы жағдайдан кейін «Маңғыстау медиа» ЖШС департаменттен ресми түсініктеме сұратты.


Полиция департаментінің баспасөз қызметі департамент бастығы Сағындық Аяғанов аноним хаттағы ақпараттарды тексеру туралы бастаманы өзі көтеріп, Ішкі істер министрлігіне және тиісті уәкілетті органдарға ресми хат жолдағанын хабарлады.


Департамент басшысы тексеру барысында ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету үшін мәслихат депутаттары мен қоғам белсенділерін қатыстыруды ұсынды. Маңғыстау облысы полиция департаменті заңдылық, ашықтық және жариялылық қағидаларын ұстанатынын атап өтеді және уәкілетті органдардың шешімдерін күтуде, – делінген ресми жауапта.
55
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!