Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстаулық үшінші дзюдошы ел чемпионатында топ жарды

|
11.11.2025 20:17
Маңғыстаулық үшінші дзюдошы ел чемпионатында топ жарды
ҚР дзюдо федерациясы

Семейде дзюдодан өтіп жатқан ел біріншілігінде маңғыстаулық Асқар Нарқұлов чемпион атанды, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

81 келіде белдескен жерлесіміз чемпионат кезінде алты белдесу өткізді. Ол іріктеу кезеңдерінде атыраулық Дулат Аманқосовты, астаналық Мереке Қуанышты, алматылық Әділет Ахметғалиден басым түсті. Ал ширек финалда Абай облысының балуаны Жалғас Қайролладан айласын асырса, жартылай финалда тағы бір жергілікті балуан Ерзат Арғыновты жеңіп, финалға шықты. Ал шешуші белдесуде ақтөбелік Алмат Әділеттің осал тұсын тауып, ел чемпионы атанды.

 

Осылайша Асқар Нарқұлов Маңғыстау облысы құрамасының қоржынына үшінші алтын медальді салып отыр. Кеше жарыстың алғашқы күнінде 66 келіде маңғыстаулық Бауыржан Нарбаев чемпион атанса, әйелдер арасында 52 келіде Меруерт Сәрсенова алтыннан алқа тағынған болатын. 

58
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!