Маңғыстауда полицейлер жаяу жүргіншілерге жарық шағылыстырғыш құрал таратты
Ақтауда «Жол қауіпсіздігі апталығы» аясында полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілерге жолда жүру ережелерін түсіндіріп, жарық шағылыстырғыш құралдар таратты, деп хабарлайды otpannews.kz.
Облыстық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы ұйымдастырған іс-шара кезінде тұрғындарға жаяу жүргіншілер жолынан тек бағдаршамның рұқсат етілген түсінде өту, жолдан өтерде құлаққап пен гаджеттерді пайдаланбау, балалардың қолынан ұстап жүру және көліктің толық тоқтағанына көз жеткізу қажет екені ескертілді.
Акцияның басты мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жарақат алу мен өлім-жітім жағдайларын азайту. Бүгінгі «Жаяу жүргінші» рейді барысында полиция қызметкерлері жас жол инспекторлары жасақтарымен бірге оқушылар мен жүргіншілерге жарық шағылыстырғыш құралдар таратты. Сонымен қатар, қала тұрғындарына жаяу жүргіншілер жолынан өткенде бағдаршамның белгіленген түсінен өту, жолдан өтер кезде құлаққап пен гаджеттерді пайдаланбау, жас балалардың қолынан ұстап өту, сондай-ақ автокөліктердің толық тоқтап, жол бергеніне көз жеткізу сияқты қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігі ескертілді, - деді Маңғыстау облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы үгіт-насихат тобының аға инспекторы Набира Бисекова.
Полиция өкілдерінің айтуынша, жыл басынан бері өңірде жол-көлік оқиғалары салдарынан 10-ға жуық жаяу жүргінші көз жұмып, шамамен 600 адам жарақат алған.
55
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев