Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстаулық оқушы ХVІІІ Президенттік олимпиаданың жүлдегері атанды

|
21.11.2025 15:04
Маңғыстаулық оқушы ХVІІІ Президенттік олимпиаданың жүлдегері атанды

Ақтау қаласының Мамандандырылған ІТ лицейінің 11-сынып оқушысы Артем Гаврилюк жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша ХVІІІ Президенттік олимпиаданың қорытынды кезеңінде ІІІ орынға ие болды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Білім басқармасының мәліметінше, олимпиада 17-21 қараша күндері Астанада өтті. Маңғыстау облысынан 6 оқушы қатысып, математика, физика, химия және биология пәндерінен білімін сынады.


- Бұл Маңғыстаудың білім сапасындағы айрықша атап өтетін жетістік. Әрі олимпиада дарынды оқушылардың жаратылыстану -математика бағытындағы білімін анықтауға мүмкіндік береді. Оқушылар бірнеше кезеңнен өтті, - дейді білім басқармасы.
45
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!