Өңірде оқушылар «Заң мен тәртіп» тақырыбында мазмұндама жазды
Дүниежүзілік балалар күніне орай өңірдің барлық білім беру ұйымында «Полиция және балалар – бірге қауіпсіздік үшін» республикалық акциясы өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.
Білім басқармасының мәліметінше, іс-шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Заң және тәртіп» идеологемасын ілгерілету жобасының бір бөлігі.
Акция аясында облыстың білім беру ұйымдарында 7–11 сынып оқушылары «Заң мен тәртіп – бейбітшілік пен әділдікке бастайтын жол» және «Полиция мен балалар – қауіпсіздік үшін бірге» тақырыптарында бірыңғай мазмұндама жазды.
Шараның мақсаты - жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрмет сезімін қалыптастыру және жауапкершілік пен тәртіп мәдениетін нығайту. Сонымен қатар бұл жұмыс оқушылардың мәтінді түсіну, негізгі ойды анықтау, ақпаратты жүйелі түрде баяндау және сауатты жазу дағдыларын дамытады.
Облыс бойынша мазмұндама жазуға 26 374 оқушы қатысты.