Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда «Тәрбие Trend – 2025» облыстық байқауы өтті

Ақтауда «Тәрбие Trend – 2025» облыстық байқауы өтті

19 қарашада Ақтау қаласындағы №24 жалпы білім беретін мектепте тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар арасында «Тәрбие Trend – 2025» облыстық байқауы ұйымдастырылды.


Байқауға аудандық және қалалық кезеңдерде І орын иеленген 5 үміткер, қазылар алқасы және көрермендер қатысты.


Іс-шараның мақсаты – тәрбие жұмысының тиімді әдістерін анықтау, жаңа инновациялық тәсілдерді енгізу, мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру және тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау болды.


Байқау үш кезеңнен тұрды:

— Бірінші кезеңде қатысушылар мектептегі тәрбие жұмысын жасанды интеллект көмегімен әзірленген визуалды карта арқылы таныстырды.

— Екінші кезеңде жеребе бойынша алынған тақырып негізінде тәрбиелік, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық бағыттағы интерактивті шеберлік сағаты өткізілді.

— «Тәрбие – кино тілімен» атты соңғы кезеңде қатысушылар ұсынылған фильм үзіндісіне тәрбиелік талдау жасап, көркем туынды арқылы құндылықтарды анықтау және оны аудиторияға жеткізу шеберлігін көрсетті.


Байқау қорытындысында жеңімпаздар анықталып, I, ІІ, ІІІ орын дипломдары мен арнайы номинациялармен марапатталды.


Жеңімпаздар:

І орын – Қазақ Хасан Сардарұлы (Ақтау қаласы №24 ЖББМ)

ІІ орын – Жарылғасова Феруза Кендебайқызы (Қарақия ауданы Қ. Күржіманұлы атындағы ЖББМ)

ІІІ орын – Мурунбаева Орынгуль Амантаевна (Жаңаөзен қаласы №8 ЖББМ)


Номинациялар:

«Ұйымдастыру шебері» – Мырзабай Гүлмира (Маңғыстау ауданы Сәттіғұл Жаңғабылов атындағы ЖББМ)

«Үйлестіру үздігі» – Лесханқызы Сымбат (Мұнайлы ауданы №12 ЖББМ)


«Тәрбие Trend – 2025» байқауы - тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлардың кәсіби деңгейін арттыруға, инновациялық әдістерді меңгеруге және тәжірибе алмасуға жол ашқан маңызды шара.

24
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!