Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Егде жастағы адамдарды телефон алаяқтарынан қалай қорғауға болады?

Егде жастағы адамдарды телефон алаяқтарынан қалай қорғауға болады?

Алаяқтар көбіне қарт адамдарға қоңырау шалып, өздерін банк, полиция немесе мемлекеттік мекеме қызметкері ретінде таныстырады. Олар «сіздің шотыңыздан біреу ақша алып жатыр» деп айтып, қорқытады. Сөйтіп, «ақшаңызды сақтау үшін оны қауіпсіз шотқа аудару керек» деп сендіруге тырысады. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі егде жастағы адамдарды алаяқтардан қалай қорғау керек екенін түсіндірді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Алаяқтар адамның телефонда мобильді банкингі бар-жоғын біледі, ақша аударуды үйретеді, тіпті бөгде қосымша орнатуды сұрайды. Осылайша олар адамның телефонына және ақшасына қол жеткізеді.


Неге назар аудару керек?

• Өзін банк немесе полиция қызметкері деп таныстырса да, бейтаныс адамдарға сенбеңіз.

• Қоңырау шалушы сіздің атыңызды не басқа мәліметтерді білсе де, бұл оның рас қызметкер екенін білдірмейді.

• Қоңырау шалушының аты-жөнін, қызметін, бөлімін жазып алыңыз, кейін сол ұйымның ресми нөміріне өзініз қайта қоңырау шалыңыз.

• «Туысыңмын, маған тез ақша керек» деп хабарласса да, асықпай өзіңіз қайта қоңырау шалып, бәрінің дұрыс екеніне көз жеткізіңіз.

• Телефон арқылы карта нөмірін, CVV-кодты, SMS-кодты, құпия сөздерді, шоттағы ақшаны ешқашан айтпаңыз.


Есте сақтаңыз, банк пен мемлекеттік орган қызметкерлері ешқашан телефон арқылы құпия ақпарат сұрамайды. Егер күмәнді қоңырау алсаңыз, бірден сөйлесуді тоқтатып, жағдайды банкке немесе полицияға хабарлаңыз.

30
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!