Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстаулық мұғалім «EduTech Ustaz – 2025» республикалық байқауында топ жарды

Маңғыстаулық мұғалім «EduTech Ustaz – 2025» республикалық байқауында топ жарды

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің информатика пәнінің оқытушысы Кәмшат Жанабаева 19–20 қараша күндері Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжі мен көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінің 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «EduTech Ustaz – білім мен технология тоғысындағы ұстаз» республикалық байқауында топ жарды, деп хабарлайды otpannews.kz облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.


Кәмшат Жанабаева ерекше білімдарлығымен, кәсіби шеберлігімен және тың әдістемелік жұмысымен көзге түсіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Нәтижесінде I дәрежелі дипломмен марапатталды. 


Бұл байқау – заманауи білім беру кеңістігінде технологияны тиімді қолдана алатын, шығармашыл, жаңашыл әрі кәсіби деңгейі жоғары педагогтерді анықтаған маңызды дода болды. Білім алушының болашағына зор жауапкершілікпен қарап, оқу үдерісіне озық әдістерді енгізе алатын ұстаздар өз шеберліктерін ортаға салды.

52
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!