Otpan News Logo

Маңғыстаулық балуан Армения турнирінде күміс жүлде иеленді

|
27.03.2025 10:05
Маңғыстаулық балуан Армения турнирінде күміс жүлде иеленді

Маңғыстаулық балуан Камиль Куруглиев Арменияда өткен халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Otpannews.kz.


Ереванда Лева Варданянды еске алуға арналған халықаралық турнирде жерлесіміз финалға дейін жеткен еді. Алайда шешуші сында жерлігікті балуанға есе жіберіп, турнирдің күміс жүлдесін иеленді. 


Дәстүрлі жарысқа биыл 11 елден 200-ге жуық балуан қатысқан. Лева Варданянды еске алу турнирі Ереванда қатарынан төртінші жыл қатарынан өтіп отыр.  


Айта кетейік, Лева Варданян Арменияның талантты жас балуандарын тәрбиелеп, әлемдік және еуропалық чемпионаттардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған білікті бапкер.

 

Камиль Куруглиев өткен жылы ел чемпионатында 97 келіде қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ, жыл соңында U20 санатындағы әлем чемпионатында 92 келіде қола медальға ие болды.

144
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!