Otpan News Logo

Маңғыстауда «Парыз» конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары анықталды

|
23.09.2026 16:37
Маңғыстауда «Парыз» конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары анықталды

Маңғыстау облысында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған «Парыз» конкурсының өңірлік кезеңі қорытындыланды, деп хабарлайды otpannews.kz.


«Парыз» конкурсы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға, қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға, әлеуметтік қолдауды күшейтуге және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған.


Конкурс өңірлік және республикалық деңгейде төрт номинация бойынша өткізіледі. Олар – «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт» және «Экологияға қосқан үлесі үшін».


Биыл конкурсқа өңірден барлығы 4 өтінім түскен. Оның ішінде «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» аталымы бойынша 1 орынға «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» ҚР аумағындағы филиалы ие болды.


«Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясында жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

• 1 орын – «Қаражанбасмұнай» АҚ;

• 2 орын – «Taza Like».


Бұл номинацияда қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға, қалдықтарды кәдеге жаратуға және қайта өңдеуге бағытталған экологиялық бағдарламалар мен жобаларды іске асырып жүрген кәсіпорындардың жұмысы қаралды.


«Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша 1 орынды «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ иеленді.


Аталған номинацияда қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғауға, сондай-ақ заңнамада көзделген әлеуметтік кепілдіктерді кеңейтуге бағытталған ұжымдық шарттардың тиімділігі ескерілді.


Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар табысталды.


«Парыз» конкурсы кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік бастамаларын қолдауға, еңбек ұжымдары үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға және бизнестің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

54
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!