Otpan News Logo

Маңғыстауда тұрғындар тегін онкологиялық тексеруден өте алады

|
23.09.2026 10:53
Маңғыстауда тұрғындар тегін онкологиялық тексеруден өте алады

Маңғыстау тұрғындары облыстық онкологиялық орталықта тегін медициналық тексеруден өте алады. Республика бойынша бірыңғай «Ашық есік» күні 26 қыркүйек күні сағат 09:00 мен 13:00 аралығында өтеді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Шараның негізгі мақсаты – қатерлі ісіктің алдын алу, оны ерте анықтау және тұрғындардың денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру.


Өз денсаулығына бейжай қарамайтын барлық тұрғын орталыққа барып, тегін тексеріле алады. Онколог мамандар тарапынан ақысыз кеңес беріліп, барлық медициналық тексерулер тегін жүргізіледі.


Айта кетейік, тексерілу үшін өзіңізбен бірге тек жеке куәлігіңізді апарсаңыз жеткілікті. «Ашық есік» күні Ақтау қаласы, 1 шағынаудан, 3 ғимарат, облыстық онкологиялық орталықта өтеді.

65
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!