Otpan News Logo

Ақтаудағы 32А шағынаудандағы көше жарығына қатысты жауап берілді

|
23.09.2026 15:13
Ақтаудағы 32А шағынаудандағы көше жарығына қатысты жауап берілді

Бұған дейін Otpannews.kz редакциясы Ақтау қаласындағы 32А шағынауданда орналасқан «Ақбосаға» тұрғын үй кешені мен Ф. Оңғарсынова атындағы №29 мектеп-гимназия арасындағы жолға қатысты тұрғынның шағымын жариялаған еді.


Қала тұрғыны аталған аумақтағы көше шамдарының бір жылдан астам уақыт бойы жанбай тұрғанын айтып, әсіресе жаңа оқу жылы басталған тұста бұл мәселе оқушылардың қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін екенін жеткізген. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер өткелінің бояуы өшіп, жол жиегіндегі белгінің де өңі кеткенін айтты.


Осы мәселеге қатысты Ақтау қаласы әкімдігінің ТҮКШ бөлімінің маманы жауап берді.


«Ақтау қаласындағы жарық бағаналарын күтіп ұстау мен айналысатын мердігер мекеме – «Верси» ЖШС. Өтініштегі мәселе бойынша жарық бағанасын қайта жағып, қалпына келтіру үшін мердігер мекеме өкілдеріне тиісті тапсырма берілді. Жақын арада жарық шамдары қайта жағылады»,- деді Ақтау қаласы әкімдігінің ТҮКШ бөлімінің бас маманы Жантілек Асхатов.


Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жұлдызбай Көңілімқосовтың айтуынша, қазір қалада жол белгілерін жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғын жолдаған бейнежазбадағы мекенжай бойынша жауапты бөлім басшысы былай жауап берді:


«Жол белгілерін жаңарту жұмыстары қала аумағы бойынша кезең-кезеңімен жүргізілуде. 32А шағынауданы бойынша қазан айында аталған жұмыстар жүргізілетіндігін хабарлаймыз»,- деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жұлдызбай Көңілімқосов.
26
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!