Otpan News Logo

Маңғыстау жастарына 1 миллион теңгеден 18 грант беріледі

|
23.09.2026 10:22
Маңғыстау жастарына 1 миллион теңгеден 18 грант беріледі

Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен өңірде «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты конкурсы ұйымдастырады, деп хабарлайды otpannews.kz.


Байқауға 14 пен 34 жас аралығындағы Маңғыстау облысының жастары қатыса алады. Байқау қорытындысы бойынша 18 үздік жоба анықталып, әр жеңімпазға 1 000 000 теңге көлемінде грант беріледі.


Жобалар ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, бизнес, медиа және волонтерлік бағыттары бойынша қабылданады. Әр бағытта үздік деп танылған үш бастама қаржылай қолдауға ие болады.


Конкурстың мақсаты - жастардың жаңа және жүзеге асырылып жатқан бастамаларын қолдау, қоғамдық маңызы бар идеяларды дамыту және жастарға өз жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беру.


Өтінімдер 15-30 қыркүйек аралығында қабылданады.


Толық ақпаратты және өтінім беру туралы @tauelsizdikurpak12 инстаграм парақшасынан және upraq2026.com сайтынан алуға болады.

Байқауға қатысуға қатысты сұрақтар бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асырушы «Ел Шежіре» қоғамдық қорына, +7 778 000 3375 (WhatsApp) телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.

50
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!