Otpan News Logo

Ақтаудағы 32А шағынаудан тұрғындары көше жарығы мен жол белгілерін ретке келтіруді сұрайды

|
23.09.2026 11:08
Ақтаудағы 32А шағынаудан тұрғындары көше жарығы мен жол белгілерін ретке келтіруді сұрайды

32а шағынауданда орналасқан Ақбосаға ТҮК мен Ф. Оңғарсынова атындағы №29 мектеп-гимназия арасындағы жолда жаяу жүргіншілерге арналған өткелдің бояуы ұшып, жол жиегіндегі белгінің өңі кеткен. Оған қоса көше бойындағы жарық шамдарының жанбағанына 1 жылдан асыпты. Бұл мәселеге шағымданған қала тұрғыны otpannews.kz редакциясына бейнежазба жолдады.  


Қала тұрғынының айтуынша, осы шағынауданға көшіп келгелі көше шамдарының жанғанын ешқашан көрмеген. Ал қазір жаңа оқу жылы басталып, көше бойындағы бірнеше мәселе оқушылар үшін қауіпті жағдай тудырып отыр. 


«Жаңа оқу жылы басталды. Қазір күн ерте батады. Екінші ауысыммен оқитын балалар кеш қарайғанда қайтады, ал көшеде жарық жоқ. Оның үстіне жаяу жүргіншілер өткелінің бояуы кетіп қалған. Көлік жүргізушілері бұл жерден жылдамдықты бәсеңдетпей өтеді. Себебі жол жиегіндегі белгінің де сыйқы сондай. Жауапты мамандардан осы мәселені шешіп беруін сұраймын»,- деді қала тұрғыны.
49
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!