Otpan News Logo

Ақтауда Business GO платформасының мүмкіндіктері таныстырылды

|
23.09.2026 16:21
Ақтауда Business GO платформасының мүмкіндіктері таныстырылды

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасында банк саласының өкілдеріне Business GO платформасын таныстыру және оның жұмыс тәртібін түсіндіру бойынша кездесу өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Жиынға облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Аққу Айтжанова, директордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Ақиқат Шарапатдинов, сондай-ақ өңірдегі банк саласының өкілдері қатысты.


Кездесу барысында қатысушыларға Business GO платформасының жұмыс істеу тәртібі мен кәсіпкерлерге арналған мүмкіндіктері түсіндірілді. Сонымен қатар платформаны пайдалану барысында банк саласымен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.


Палата директоры Аққу Айтжанова кәсіпкерлерге көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыруда және бизнес пен қаржы ұйымдары арасындағы өзара байланысты нығайтуда цифрлық құралдарды тиімді пайдаланудың маңыздылығына тоқталды.


Өз кезегінде банк өкілдері платформаның жұмыс барысына қатысты пікір алмасып, практикалық мәселелерді ортаға салды.


Кездесу қорытындысында Business GO платформасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру және кәсіпкерлерге қажетті қызметтерді қолжетімді ету бағытындағы өзара байланысты күшейту мәселелері талқыланды.

19
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!