Маңғыстауға Бельгиядан жеткізілген 19 тонна алмұрт кері қайтарылды
Тексеру барысында жүктің Құрық портына фитосанитарлық сертификатсыз әкелінгені белгілі болды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Заңбұзушылықты Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің мамандары анықтады.
Өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына байланысты импорттаушыға әкімшілік айыппұл салынып, өнім партиясын экспорттаушы ел – Бельгияға кері қайтару туралы акт ресімделді.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті фитосанитарлық талаптарды сақтау өсімдік шаруашылығы өнімдерінің халықаралық саудасындағы міндетті шарт екенін еске салады.
18
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев