Otpan News Logo

Ақтауда педагогтерге Конституциялық жобаның мазмұны түсіндірілді

Ақтауда педагогтерге Конституциялық жобаның мазмұны түсіндірілді

Ақтауда білім беру ұйымдарының ұжымдарына жаңа Конституция жобасында ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар кеңінен түсіндірілді. Кездесуде Конституция жобасының мән-маңызы, оның ел дамуына ықпалы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған жаңа нормалар талқыланды, деп хабарлайды otpannews.kz


Кездесу барысында ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыс бойынша өкілі Асылан Кужиев педагогтерге алдағы өзгерістердің стратегиялық рөлін түсіндіріп, білім саласы қызметкерлерінің көкейіндегі сұрақтарға жауап берді.


Сондай-ақ Конституция жобасының басым бағыттарына тоқталып, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту мәселелерін кеңінен баяндады. Сонымен қатар, азаматтардың саяси үдерістерге қатысу мүмкіндіктерін кеңейту, қоғамдық бақылау институттарын дамыту және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі бастамаларға ерекше назар аударды.


Жиын барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.


Кейбір азаматтарда «Конституцияны не үшін өзгертеді?» деген заңды сұрақ туындауы мүмкін. Бүгінге дейін әлемнің 90-ға жуық елінде Конституцияға өзгерістер енгізілген. Бұл – халықаралық тәжірибеде қалыпты үрдіс. Қазіргі таңда жұмыс тобының еңбек ұжымдарымен кездесулері барысында азаматтар белсенділік танытып, түрлі сауалдарын жолдауда. Әсіресе, жаңа Конституцияның ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы сұрақ көп. Біз әрқайсысына нақты әрі жан-жақты жауап беріп келеміз, – деді Асылан Кужиев.
58
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!