Otpan News Logo

«МАЭК» қызметкерлері жаңа Конституция жобасымен танысты

|
13.02.2026 13:59
«МАЭК»  қызметкерлері жаңа  Конституция жобасымен танысты

Маңғыстау облысында жаңа Заң жобасына арналған ақпараттық-түсіндіру жиыны ұйымдастырылды. Іс-шара барысында «МАЭК» ЖШС ұжымы өзгерістермен танысып, олардың мазмұны мен маңызы жөнінде кеңінен мәлімет алды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Іс-шараға ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыс бойынша өкілі Асылан Кужиев пен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясынің Маңғыстау филиалының директоры Айгүл Демеуова қатысып, заң жобасының мазмұны мен маңызын түсіндірді.


«Жаңа Конституция жобасы Қазақстанда соңғы жылдары жүріп жатқан терең трансформациялық процестердің логикалық жалғасы екеніне мемлекетеміздің болашақ қадамдарының жоспары деп қабылдау керек. Осы трансформацияның өзегі – мемлекет пен қоғам арасындағы қатынасты қайта құру, билік пен халық арасындағы сенімнің жаңа моделі ретінде мойындалуы тиіс. Жаңа Конституция мәтіндегі ең басты құндылық – адам құқықтары мен бостандықтарының сипаттамасы маңызды мәселе», - деді Айгүл Демеуова.


2026 жылғы 30 қаңтарда Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия ҚР жаңа Заң жобасын ресми түрде жариялады. Бұл оқиға еліміздің – қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі әрі саяси жүйені жаңғырту, мемлекеттік басқару институттарын жетілдіру. Сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту бағытындағы ауқымды жоба.

81
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!