Otpan News Logo

Ақтауда оқушылар мектепке кітап тарту етті

|
13.02.2026 14:45
Ақтауда оқушылар мектепке кітап тарту етті

Ақтау қаласындағы №31 орта мектептің 2 “г” сыныбы оқушылары 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай  “Шын жүректен кітап сыйла” акциясы аясында мектеп кітапханасына түрлі жанрдағы 22 кітап тарту етті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Оқушылардың кітапханаға тарту еткен кітаптар тізімінде қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгерлерінің туындылары, әлемге әйгілі тұлғалар туралы қызықты деректер мен шытырман оқиғалы шығармалар, қиял-ғажайып ертегілер бар. Бұл игі бастама балаларға әртүрлі әдеби  жанрлармен жете танысып, әлем мен ұлт тұлғалары туралы бай ой-тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді. 


“Адам баласы үшін кітап – рухани азық. Ал мектептің маңызды құрылымы ретінде  кітапхана  – баланы  ізгі адамгершілік қасиеттер мен шығармашылық дағдыларға баулуда, бала тұлғасын қалыптастыруда, санасына ізгілік нәрін сіңіруде аса маңызды қызмет атқарады. Осындай сан алуан әдеби шығармалар арқылы мектеп оқушылары әр дәуірге еніп, әр түрлі кейіпкерлердің шытырман оқиғаларын бастан кешіреді. Кітап оқушы қиялын дамытуға, сыни тұрғыдан ойлауға және адамның ой-өрісін кеңейтуге көмектеседі. Мектеп кітапханасы жаңа кітаптарды оқу-тәрбие үрдісін түрленудірге тиімді пайдаланарына сенеміз”,-  дейді ата-аналар.  


Алдағы уақытта оқушылар сынып сағаттарында, сабақ барысында кітаптағы өлеңдерді оқып, жаттаған мақал-мәтелдерін қолданады. Баланы кітап оқу мәдениетіне баулу – оқу-тәрбие үдерісінің басты бағытының бірі.  


№31 орта мектептің 2 “г” сыныбының жетекшісі Нұрлыгүл Нетшеева оқушылардың  оқу мәдениетін көтеруге бағытталған мұндай бастамалар көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыратынын айтады.  Нұрлыгүл апайдың жетекшілігімен сынып оқушылары кітапханаға жиі келіп, кітаптар алып оқиды.


“Ата-ана мен мұғалім бірігіп, кітап оқуды насихаттап отырса, оқушының да қызығушылығы арта түсері сөзсіз”,- деді 2 “Г” сыныбының жетекшісі Нұрлыгүл Армиевна. 
113
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!