Кәсіпкерлерге жаңа салық режиміне көшу мерзімі туралы ескерту жасалды
Кәсіпкерлерге жаңа салық режиміне көшу мерзімі туралы ескерту жасалды
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдануды жоспарлап отырған салық төлеушілерге 2026 жылғы 1 наурызға дейін осы туралы хабарлама тапсыру қажет екенін айтты деп хабарлайды, otpannews.kz сайты.
Аталған мерзімге дейін хабарлама ұсынылмаса, кәсіпкерлер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауыстырылады.
Хабарламаны қалай тапсыруға болады?
Хабарламаны келесі тәсілдер арқылы жолдауға болады:
- Салық төлеушінің кабинеті (ИС ИСНА жүйесінде «Құжаттарды тапсыру» – «Қолданылатын салық режимі туралы хабарлама» бөлімі арқылы);
- «e-Salyq Business» мобильді қосымшасы («Сервис» – «ЖК салық режимін өзгерту» бөлімі);
- Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына орналасқан жері бойынша қағаз түрінде;
- Екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы.
Анықтама үшін: қазіргі уақытта мұндай қызмет Kaspi Bank қосымшасында «Мемлекеттік қызметтер» – «ЖК деректемелері мен салық режимін өзгерту» бөлімінде қолжетімді.
2025 жылдың соңында «көшу» себебімен қолданылатын салық режимі туралы хабарламаны қате жолдаған салық төлеушілердің назарына
2026 жылғы 12 қаңтардан бастап жүйеде «көшу» себебін көрсете отырып, хабарламаны қайта тапсыру мүмкіндігі бар.
2025 жылдың соңында хабарламаны қате жолдаған кәсіпкерлер жаңа хабарламаны қайтадан тапсыруы керек.