Otpan News Logo

«Сөйлеу+»: Маңғыстауда балаларға тегін логопедиялық көмек көрсетіледі

|
13.02.2026 20:08
«Сөйлеу+»: Маңғыстауда балаларға тегін логопедиялық көмек көрсетіледі

Маңғыстауда Мұрын Жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде инновациялық логопедия және цифрлық білім кабинеттері ашылды. Іс-шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев қатысты, деп хабарлайды otpannews.kz.


«Сөйлеу+» әлеуметтік логопедиялық жобасы Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асып отыр. Әлеуметтік осал топқа жататын отбасылардың балалары тегін көмек ала алады. Ал логопедия мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер заманауи технологияларды пайдалана отырып тәжірибе алады. 


Мұнда «Ақылды айна» құрылғысына қарап отырып артикуляция жаттығуын, сондай-ақ әртүрлі ойындар, психологиялық диагностика, тыныс алу және саусақ жаттығуын жасауға болады. Мамандар мұндай әдіс-тәсілдер баланың дамуына оң ықпал ететінін айтады.


- Баланың сөйлеу тілін дамыту үшін анасы тікелей жұмыс істеуі керек. Бала көбірек қарым-қатынас жасау барысында анасының сөйлеуіне еліктеу арқылы сөйлеу тілін дамытады. Сондай-ақ теледидар мен смартфонды қолдануды шектеу де маңызды. Енді жаңа кабинетте аналар кеңес алып, өздеріне қажетті дағдылар туралы біле алады. Шағын орталықтағы қүрылғылар балалардың сөйлеу тілінің дамуына көмектеседі деп сенім білдіреміз, - деді логопедия пәнінің оқытушысы Жанат Асқанбаева.
73
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!