«ҚазАзот» АҚ: еңбек ұжымы Конституция жобасын талқылауға қатысты
«КазАзот» АҚ қызметкерлері Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылау үшін жиналыс өткізді. Аталған жоба 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылды.
Кездесуде қоғамның мажоритарлық акционері Бахаридин Аблазимов, бас директор Арман Маулешев, сондай-ақ еңбек ұжымының өкілдері сөз сөйледі. Қатысушылар жаңартылған Конституция елдің құқықтық негіздерін нығайтуға, экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасауға және мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
Экология мәселесіне ерекше назар аударылды: жоба табиғи ресурстарды жауапкершілікпен пайдалану қағидаттарын және қоршаған ортаны қорғауды бекітеді.
Сондай-ақ енгізілетін өзгерістер инвестиция тартуға, меншік құқығын қорғауға және бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасап, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірлердегі жұмыспен қамтуды арттыруға мүмкіндік беретіні айтылды.
Жиын қорытындысы бойынша ұжым референдум өткізуді қолдап, ел болашағына әсер ететін шешімдерге әрбір азаматтың қатысуы маңызды екенін атап өтті.