Otpan News Logo

“Каспий” су тұшыту зауыты мамандары жаңа Конституцияны қолдады

|
13.02.2026 12:23
“Каспий” су тұшыту зауыты мамандары жаңа Конституцияны қолдады

Бүгін Ақтау қаласындағы «Каспий» су тұшыту зауытының ұжымымен маңызды кездесу өтті. Маңғыстау облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекмұрат Жүсіпов пен облыстық мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаев жұмысшыларға Конституциялық реформаның негізгі бағыттарын түсіндірді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Жиында сөз алған Бекмұрат Жүсіпов қолданыстағы Ата Заңның қабылданғанына 30 жылдан асқанын, қазіргі экономикалық және әлеуметтік жағдайдың түбегейлі өзгергенін атап өтті.


«Заң талабы бойынша, егер құжаттың 50 пайыздан астамы жаңарса, ол қайта бекітілуі тиіс. Ал жаңа жобадағы өзгерістер үлесі 84 пайызға жетіп отыр. Сондықтан 15 наурыз күні бүкілхалықтық референдум өткізу туралы шешім қабылданды»,– деді ол.


Мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаевтың айтуынша, бұл жолғы құжатты әзірлеуге 130 адамнан тұратын арнайы топ – ғалымдар, заңгерлер мен қоғам белсенділері қатысқан. Бұл 1995 жылғы нұсқамен салыстырғанда әлдеқайда ауқымды құрам. Ең бастысы, жобаны талқылау кезеңінде ел тұрғындарынан 10 мыңнан астам ұсыныс келіп түскен. Бұл – жаңа Ата Заңның халықтың тікелей қатысуымен жазылғанының айқын дәлелі.


“1995 жылы қабылданған Конституцияны 12 адам жазған еді, оның үшеуі – шетелдік. Ал жаңа Конституцияны жазуға 130 адам жұмылдырылды. Оның құрамында ғалымдар, лингвистер, түрлі заңгерлер мен қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ қоғам белсенділері мен жанашырлары бар. Одан бөлек 2000-нан астам адам осы жаңа Ата Заң жобасына белсене араласуда. Ең бастысы жаңа Констиуция – қазақ тіліне аударылмай, бірден қазақша жазылды”,- деп қосты Жаңбырбай Матаев. 


Жобаның өзегінде «Елдің ең үлкен қазынасы – адам» деген қағида тұр. Кездесуде адам құқықтары мен сөз бостандығын қорғау тетіктерінің күшейтілгені ерекше аталды. 


Жобамен танысқан зауыт қызметкерлері 15 наурызда өтетін саяси науқанға белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.

27
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!