Маңғыстауда теміржолшылар династиясы мәслихат сайлауында таңдау жасады
«Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының облыстық кезеңінде ІІ орын иеленген Әміровтер отбасы мәслихат депутаттарының сайлауына қатысып, таңдау жасады.
Теміржолшылар әулеті Мұнайлы ауданы Мұнайшы ауылындағы №195 сайлау учаскесінде дауыс берді. Әміровтер әулеті теміржол саласында ұзақ жылдар еңбек етіп келе жатқан өнегелі отбасы. Әулет отағасы Табылды Әміров Маңғыстау облысының Құрметті азаматы, Құрметті теміржолшы. Саналы ғұмырын теміржол саласына арнаған азаматтың әулеті еңбек дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жалғап келеді.
Әміровтер отбасының айтуынша, әрбір азаматтың сайлауға қатысып, таңдау жасауы – ел дамуына қосқан үлесі әрі азаматтық жауапкершілігі. Отбасы мүшелері сайлауға бірге қатысуды азаматтық ұстанымның көрінісі деп санайды.
Әміровтер отбасының сайлауға бірге қатысуы азаматтық белсенділік пен жауапкершіліктің үлгісі.