Otpan News Logo

Ақтауда сайлауға алғаш болып келген тұрғындарға сыйлық табысталды

|
29.11.2026 07:08
Ақтауда сайлауға алғаш болып келген тұрғындарға сыйлық табысталды

Ақтау қаласындағы №32 мектепте орналасқан сайлау учаскесінде таңертеңнен бастап дауыс беруге келген тұрғындар белсенділік танытты. Сайлауға алғаш болып келген азаматтарға сыйлықтар табысталды.


Мұндай бастама сайлаушылардың қызығушылығын арттыруға, әсіресе жастардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына ықпал етуді көздейді.


Алғашқы сайлаушыларға сыйлық табыстау дауыс беру күнінің мерекелік көңіл күйін қалыптастырып, тұрғындарға жағымды әсер сыйлады. Учаскеге келген азаматтар өз таңдауын жасап, ел мен өңірдің болашағына қатысты маңызды шешім қабылдау процесіне қатысуда.


«Бүгін сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымды жасадым. Алғашқы сайлаушыларға сыйлық табыстау да жағымды бастама екен. Мұндай шара дауыс беру күнінің көңіл күйін көтеріп, азаматтардың, әсіресе жастардың сайлауға деген қызығушылығын арттырады деп ойлаймын. Ең бастысы, әрқайсымыз өз таңдауымызға жауапкершілікпен қарауымыз керек», – деді Ақтау қаласының тұрғыны Ғибрат Құлымбетов.


Айта кетейік, Маңғыстау облысында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына арналған 267 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.

74
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!