Otpan News Logo

Жаңаөзенде 61 сайлау учаскесі жұмысын бастады

|
29.11.2026 07:05
Жаңаөзенде 61 сайлау учаскесі жұмысын бастады

Бүгін Жаңаөзен қаласында 61 сайлау учаскесі таңғы сағат 7:00-де өз жұмысын бастады. Қала бойынша сайлау науқанын ұйымдастыруға бір аумақтық, 42 учаскелік, 15 қалалық және 3 облыстық сайлау округі жұмылдырылған.


Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына Жаңаөзен қаласы бойынша 45 кандидат тіркелген, 84 748 сайлаушының дауыс беру құқығы бар. Барлық учаскелер қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етіліп, белгіленген талаптарға сәйкес жұмыс істеуде. Сайлау барысын бақылаушылар да қадағалап отыр.

Сайлау учаскелерінде дауыс беру процесі заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылған. Комиссия мүшелері тұрғындарды қабылдап, азаматтардың өз таңдауын жасауына қажетті жағдай қалыптастырған. Ал байқаушылар саяси науқанның ашықтығы мен заңдылық талаптарының сақталуын қадағалауда. Дауыс беру белгіленген уақытқа дейін жалғасады.

12
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!