Otpan News Logo

Маңғыстауда сайлау учаскелері жұмысын бастады

|
29.11.2026 07:00
Маңғыстауда сайлау учаскелері жұмысын бастады

Маңғыстау облысында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына арналған 267 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Бүгін, 29 қараша күні, өңір тұрғындары дауыс беруге қатысып, өз таңдауын жасай алады.


Сайлау учаскелері қажетті материалдық-техникалық құралдармен, байланыс жүйелерімен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында пандустар, тактильді көрсеткіштер, арнайы кабиналар мен бұрыштар қарастырылған.


Сайлаушылар өздерінің қай учаскеге тіркелгенін арнайы сайт пен Telegram-бот арқылы анықтай алады. Сондай-ақ өңірде азаматтарға ақпарат беретін Call-орталық жұмыс істеп тұр.

73
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!