Otpan News Logo

Маңғыстау ауданында 22 сайлау учаскесі жұмысын бастады

|
29.11.2026 07:26
Маңғыстау ауданында 22 сайлау учаскесі жұмысын бастады

Бүгін Маңғыстау ауданындағы 22 сайлау учаскесі таңғы сағат 7:00-ден бастап Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын өткізуге толық дайындықпен кірісті. Оның ішінде 6 учаске аудан орталығы Шетпе ауылында, 3 учаске өндірістік кен орындарында, қалған 13 учаске ауданға қарасты ауылдарда орналасқан. 


Соның ішінде үш жабық сайлау учаскесі азаматтардың уақытша болатын орындарында жұмыс істеп тұр. 


Сайлаушылар саны 1000 адамнан асатын сегіз сайлау учаскесінде азаматтарды дауыс беру күні тізімге енгізу үшін онлайн сервис қызметі ұйымдастырылған.


Сондай-ақ, сайлау күні өзі тіркелген жерде дауыс бере алмайтын сайлаушыларға есептен шығару куәлігін алып, сайлау күні болатын жерінде дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған.


Аудандағы барлық сайлаушылар саны – 19490 адам.


Сайлау учаскелері дауыс беруші азаматтарды кешкі сағат 20:00-ге дейін қабылдайды.

41
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!