Otpan News Logo

Маңғыстауда әскери қызметші жол апатынан қаза тапты

|
16.01.2026 10:08
Маңғыстауда әскери қызметші жол апатынан қаза тапты
dknews.kz Оймаша полигоны

Маңғыстау облысында полигоннан қайтып келе жатқан бөлімше жол апатына ұшырап, қайғылы жағдай орын алды. ҚР Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 14 қаңтар күні болған, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Ведомствоның мәліметінше,кеш қарайғанда «Оймаша» полигонынан қайтып келе жатқан көліктің қайғылы оқиғаға тап болуына басты себеп – көктайғақ пен көрудің төмен деңгейі. 


«КамАЗ» автокөлігінің жүргізушісі келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген кіші сержантты қағып кеткен. Алған жарақаттарының ауырлығынан әскери қызметші оқиға орнында көз жұмды.


«Қарулы Күштердің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетін болады»,— делінген ресми хабарламада.


Марқұм Г. – Ақтау гарнизоны, 25744 әскери бөлімінің әскери қызметшісі. Ол Ақмола облысынан келісімшарт бойынша қызмет етуге келген.

 

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

126
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!