Otpan News Logo

Маңғыстауда мәдениет және БАҚ саласының өкілдері марапатталды

Маңғыстауда мәдениет және БАҚ саласының өкілдері марапатталды

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мәдениет саласы мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың негізгі аспектілері талқыланды. Сонымен қатар өңірдің мәдени дамуына және сапалы ақпараттық кеңістікті қалыптастыруға елеулі үлес қосқан мамандар марапатталды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Кездесу барысында «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі Гүлай Дәуітбайға, Еркебұлан Бекенге және Раиса Сартбековаға табысталды. Ал «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі Тамара Степановаға, Светлана Султангерееваға, Аманбек Ахметовке және Ғалия Кенжебаеваға берілді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Құрмет грамотасымен Талғат Исламұлы, Станислава Хапина, Нұрғаным Имашева, Гүлназ Бөлекбаева және Гүлнара Жайшыбекова марапатталды. Ал Нұрболат Құдысов, Рахат Мадреев, Нұргүл Дабысова, Айман Яриханова, Темірбек Асқамбаев және Баяндәулет Тәжмағанбетовке Алғыс хаттар тапсырылды.


Іс-шара қатысушылары алдында сөз сөйлеген облыс әкімі Президенттің бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалардың «Әділетті Қазақстан» қағидаларын нығайтуға, мемлекеттік басқару жүйесінде жаңа саяси мәдениет қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекет пен қоғам арасында ашық әрі конструктивті диалог орнатуға бағытталғанын атап өтті.


Конституциялық өзгерістердің негізгі мақсаты – заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейту, билік институттарының ашықтығы мен есептілігін арттыру. Мәдениет – ұлттың рухани тірегі, ал журналистика – қоғам мен билік арасындағы сенімді көпір. Сіздердің адал еңбектеріңіз «Әділетті Қазақстанды» құрудағы маңызды қоғамдық миссияның ажырамас бөлігі болып саналады, – деп атап өтті облыс әкімі.


Кездесу барысында мәдениет қызметкерлерінің ұлттық бірегейлікті сақтау, қоғамдық сананы жаңғырту және ортақ құндылықтарды нығайтудағы рөліне ерекше мән берілді. Облыс әкімі мәдениет – ұлттың рухани негізі, ал журналистика билік пен қоғам арасындағы маңызды байланыс тетігі екенін атап өтті.

65
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!