Главная | Маңғыстау жаңалықтары
Маңғыстауда 330 миллион долларлық жоба тоқтатылды
Маңғыстау облысында құбыр өнімдерін шығаратын зауыт салу жоспарланған еді. Жобаны қытайлық компания жүзеге асыруы тиіс болған. Алайда 2025 жылы жобаны іске асыру тоқтатылды, деп хабарлайды otpannews.kz LS.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін қытайлық CERI институты дайындаған техникалық-экономикалық негіздеме аяқталып, Ernst & Young компаниясы маркетингтік талдау жүргізген.
Жобаны жүзеге асыруға қажетті инвестиция көлемі бастапқыда 330 миллион доллар деп бағаланған. Сонымен қатар елдегі құбыр өнімдеріне жыл сайынғы сұраныс 130-140 мың тонна шамасында болған. Ал жобаның өзін-өзі ақтау шегі жылына 146 мың тоннаны құраған.
«Нарықтағы қазіргі жағдайды, құбыр өнімдеріне сұраныстың шектеулі болуын және өндірістік қуаттардың артықтығын ескере отырып, қазақстандық және қытайлық компаниялар жобаның экономикалық тұрғыдан тиімсіздігіне байланысты одан шығу туралы бірлескен шешім қабылдады», – деп хабарлады облыс әкімдігі.
53
Басты жаңалықтар
Танымал
06.06.2026 09:23
06.06.2026 08:50
05.06.2026 22:22
05.06.2026 22:04
05.06.2026 22:00
05.06.2026 20:46
05.06.2026 16:28
05.06.2026 15:50
05.06.2026 15:48
05.06.2026 15:45
05.06.2026 15:43
05.06.2026 15:23
05.06.2026 15:16
05.06.2026 15:08
05.06.2026 15:07
05.06.2026 15:04
05.06.2026 14:14
05.06.2026 12:13
05.06.2026 11:51
05.06.2026 11:42
02.06.2026 09:52
30.05.2026 13:01
31.05.2026 15:14
31.05.2026 14:57
04.06.2026 14:43
30.05.2026 16:26
01.06.2026 19:41
03.06.2026 18:46
30.05.2026 09:44
01.06.2026 10:14
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев