Ақтау әкімдігі иесіз малдың қала аумағынан шығарылғанын мәлімдеді
Otpannews.kz бұған дейін жоғарғы шағынаудан тұрғындарының тұрғын үйлердің аулаларында еркін жайылып жүрген жылқыларға шағымданғанын жазған болатын. Тұрғындардың айтуынша, жануарлар көгалдарды таптап, қауіпсіздікке қатер төндіріп отыр.
Қала әкімдігінің мәліметінше, жылқылар қалаға көршілес Түпқараған ауданы мен Мұнайлы ауданы аумағынан кіріп келеді. Осындай жағдайлардың алдын алу және малды ұстау үшін арнайы мобильді топтар құрылып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.
«Малдың қала аумағына кіруіне жол бермеу үшін екі арнайы автокөлік тәулік бойы кезекшілік етеді. Ұсталған жағдайда жануарлардың иелері қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Кезекші бригадалар тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізіп, жануарлардың қалаға кіруінің алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдап келеді. Қазіргі уақытта жылқылар қала аумағынан шығарылды», – деп хабарлады қала әкімдігі.
19
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев