Otpan News Logo

Ақтауда ерекше балалардың аналарына арналған кітаптың тұсаукесері өтті

Ақтауда ерекше балалардың аналарына арналған кітаптың тұсаукесері өтті

Ақтауда ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналарға рухани қолдау көрсету мақсатында «Қабылда мені, әлем» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Кітаптың авторы Nazar түзете-дамыту орталығының басшысы Фариза Хайдарова. 14 жыл бұрын баласына аутизм диагнозы қойылып, сол кезден бастап ерекше балалрмен жұмыс істеуді қолға алған. Кездесудің басты мақсаты - ерекше балалардың аналарына қолдау білдіру, олардың жалғыз еместігін сезіндіру және өмірлік қиындықтарды еңсеруге жігер беру.


“Кітапты жазудағы мақсатым - бұл тақырыптың аясын кеңейту. 14 жыл бұрын өз баламда осы диагноз бар екенін білгенде ақпарат өте аз болды. Сол үшін ерекше балалардың ата-анасына қолдау, әрі тәжірбиеде жақсы әдістемелік құрал болсын деген мақсатта осы кітапты жазып шығардым. Кітаптың мазмұнында 14 жылда баламмен қалай жұмыс істегенім және ата-аналарға көмектесетін басқа да кеңестермен бөлістім. Алған адамға үлкен көмек болады деп ойлаймын. Кітап 1000 таралыммен шықты”,- деді Nazar түзете-дамыту орталығының басшысы Фариза Хайдарова. 


Шараға мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистика саласының мамандары мен қоғам белсенділері қатысты. Қонақтар кітап авторы мен ерекше балалардың аналарына жылы лебіздерін білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді.


Кездесу барысында қатысушылар ерекше балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың рөлі, қоғамның қолдауы және инклюзивті ортаны дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ кітаптың жарық көруі көптеген аналардың өмірлік тәжірибесі мен ішкі жан дүниесін қоғамға танытуға мүмкіндік беретіні айтылды.


Жиын соңында қонақтар кітап авторларына шығармашылық табыс тілеп, ерекше балалардың отбасыларына мықты денсаулық, төзім мен бақыт тіледі.

47
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!